$ 498.34  519.72  4.85

Боксшы Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті

Бақыттың боксқа қадам басуына әкесі себеп болған.

Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev/

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі Әбдірахман Сәрсекбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz мәліметінше, Бақыттың боксқа қадам басуына әкесі себеп болған. Әбдірахман Сәрсекбаевтың өзі де спорттан алыс жан емес, жас кезінде футболмен әуестеніп, жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Өзі бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының Жетісай қаласында туып-өскен. Кейіннен жұмыс бабымен Өзбекстанның Бостандық ауданына көшкен. Балалары сол жақта дүние есігін ашып, боксқа қадамын да сол жақта бастаған.

«Балаларымды боксқа берген себебім: шыны керек, біз тұрған Табақсай деген жерде басқа секция болған да жоқ. Бақыт бала кезінен ұшқалақ емес еді, керісінше, ұқыпты, салмақты боп өсті. Ол бес жасынан бастап жаттықты. Үйірмедегі алғашқы бапкері – менің қайным, яғни, әйелімнің інісі Кәрім Махмұдов болды. Әлі күнге сол нағашысының тәрбиелеуімен келеді ғой», - деп естелігін бөліскен болатын Әбдірахман Сәрсекбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары