$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды

Отандасымыз қысқа және еркін бағдарлама қорытынды бойынша 276,17 ұпай жинады.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцинде (Қытай) өткен Гран-при кезеңінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Михаил еркін бағдарламада үш айналым аксель және төрт айналым тулупты қатар секіріп, мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элементті орындады. Ол – бұл каскадты секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.

1. Шун Сато (Жапония) – 278.48 ұпай
2. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 276,17
3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 252.53

Айта кетейік, былтыр Михаил Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған. Биыл турнирге 15 елден 60 спортшы қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары