Қола жүлде үшін тартысты бәсекеде Францияны 35:34 есебімен ұтты.
Семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар сапы жаттығуы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Мажарстан құрамасы чемпион атанса, Жапония семсерлесушілері күміс медальді қанағат тұтты.
Жарыс барысында қазақстандықтар 1/8 финалда Гонконг құрамасын 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан айласын асырды — 45:28. Жартылай финалда жапондарға 28:45 есебімен есе жіберді.
Қола жүлде үшін тартысты бәсекеде Францияны 35:34 есебімен ұтты.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай өнер көрсетті.