25.11.2024, 13:40

Oktagon лигасы: Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегі үшін 10 млн теңге алған

Фото: fighttime.ru

Сонымен қатар, алдағы жоспары туралы айтты. 

Жақында ғана өзі чемпион болған тұжырыммен қайта келісімшартқа отырған Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жектен тапқан қаржысы мен алдағы жоспары туралы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Еуропалық тұжырымдағы дебютінде жарқын жеңіске жеткен UFC тұжырымының экс-спортшысы Oktagon лигасында өткізген жекпе-жегі үшін қанша қаржы алғанындығы мен алдағы жоспары туралы мәлімдеді.

“Fight Night тұжырымымен тек бокстан ғана өнер көрсету бойынша келісімшартқа отырдым. Бұйырса, 20 желтоқсан күні Астанада өтетін бокс кешінде өнер көрсетемін. Дегенмен қазіргі басты мақсатым – Oktagon лигасының чемпиондық белбеуін иегеріп, арықарай қайтадан UFC тұжырымында бағымды сынап көргім келеді. Көреміз, қалай болатынын. Oktagon лигасынының маған ұсынған келісімшарты жаман емес, бірақ осы жеңістен кейін тағы келісімшартты жақсартуы тиіс. Әрине, төлейтін сыйақысы жағы аздау. Дегенмен соңғы жекпе-жегім үшін 10 миллиондай теңге алдым. Қазір чемпиондық айқас үшін жекпе-жекті күтудеміз.Чемппиондық белбеу үшін айқаста одан да көбірек алуым керек” – деді Жалғас.