Бұл қауесет текке шыққан жоқ.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ресейлік «Ахмат» клубын басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Рубин» командасының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов «Спорт день за днем» басылымына берген сұхбатында Черчесовке қатысты осындай болжам айтты.
Қазіргі таңда «Ахмат» қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр, сол себепті бас бапкер Сергей Ташуев қызметінен кетуі мүмкін деген әңгіме тараған. «Черчесов олардың қарастырылып жатқан үміткерлерінің бірі. Ол «Ахматты» басқаруға жақын. Бұл қауесет текке шыққан жоқ. Черчесов командамен бірге премьер-лигада қалуды ғана емес, үздік алты команда қатарына енуге де мүмкіндік бере алады, — деді Попов.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болғаннан бері сынның нысанасына айналды. Оның жетекшілігімен қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында соңғы орынды иеленді.