Алан Құрманғалиев әлем чемпионатына өткен жалғыз қазақстандық спортшы.
Үстел теннисінен әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатқан жалғыз теннисші Алан Құрманғалиев жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Үстел теннисінен Қазақстанның құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Біріншіліктің алғашқы айналымында Құрманғалиев Камерундық Юлэйн Батиксені жеңді. 27 қарашада Алан 1/4 финалға шығу үшін неміс спортшысы Андре Бертельсмайермен ойнайды.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатына өткен жалғыз қазақстандық спортшы.