28.11.2024, 19:20

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалына өткен тұңғыш қазақстандық атанды

Фото: ҰОК

Гран-при финалы 5-8 желтоқсанда Францияда өтеді.

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при финалына өткен алғашқы қазақстандық атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізіп, финалға қатысушылардың қосалқы тізіміне ілікті.

Ал 27 қарашада, француз мәнерлеп сырғанаушысы Адам Сяо Хим Фа соңғы жарысында жарақат алып, Гран-при финалына қатыса алмайтыны белгілі болды. Осылайша, қосалқы тізімнің көшбасшысы ретінде Михаил Шайдоров финалға қатысуға шақырту алды.

«Өзім сене алар емеспін, ойымды жинақтай алмай тұрмын. Мен Гран-при финалына қатысатын бірінші қазақстандық боламын. Керемет сезім», - деді Шайдоров.

Гран-при финалы 5-8 желтоқсанда Францияда өтеді. Михаилден бөлек пройдет ерлер арасында Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма, Сюн Сато (екеуі де — Жапония), Кевин Аймо (Франция) және Даниэль Грассль (Италия) бақ сынайды.