30.11.2024, 17:30

Әмір Омарханов Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: ҚТФ

Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.

Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.

Әмір Омарханов финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен таласады.