02.12.2024, 18:40

Қазақ футболын кім басқарады?

Фото: ҚФФ

2 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясы сайлау комитетінің отырысы өткен.

Отырыс қорытындысында Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне тіркелген үміткерлердің тізімі нақты белгілі болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚФФ мүшелерінен барлығы 6 үміткер ұсынылып отыр.  Олар: 

– Даумов Алтай Алмасұлы, «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;

– Жамантаев Ерлан Айтпайұлы, «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» ЗТБ атынан;

– Қайыров Ербол Қыдырбекұлы, «Ақмола облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;

– Лория Давид Григорьевич, «Қарағанды облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;

– Мағау Наргис Ерланқызы, «Para Football League» ҚБ атынан;

– Омаров Марат Талғатұлы, «Астана қаласының футбол федерациясы» қауымдастығы ЗТБ атынан.