04.12.2024, 13:00

«Каспий» футбол клубында 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланған

Фото: Футбольный клуб "Каспий"

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

«Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені анықталды. Сонымен қатар 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген.

2024 жылдың 3 желтоқсанында футбол клубының экс-басшысын, К. және О. есімді азаматтарды қамауға алуға санкция берілді. 

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.