06.12.2024, 06:30

Төреғали Төреәлінің күйеубаласы Ішкі істер министрлігінен марапат алды

Коллаж: stan.kz

Спортшы – танымал әнші Төреғали Төреәлінің күйеубаласы, қарындасы Фаризаның жолдасы.

Әнші Төреғали Төреәлінің күйеу баласы, джиу-джитсудан қазақстандық күресші Дархан Нортаев марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы – танымал әнші Төреғали Төреәлінің күйеубаласы, қарындасы Фаризаның жолдасы. Спортшы жеке парақшасында жаңа марапатқа ие болғанын мәлім етті.

«Ішкі істер министрлігінен алғыс хат алдым», – деп жазды Дархан Нортаев.

«Қазақ полициясы» бейнебаян түсіріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, қоғамдағы беделін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс жариялаймыз», – делінген мәтінде.