06.12.2024, 11:00

«Ол мені қылқындырған»: Рахмоновтың қарсыласы шындықты мойындады

Фото: fighttime.ru

Спаррингте бәрі болуы мүмкін.

UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізетін ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри спарринг кезінде «Номадтың» қылқындырып тастағанын мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен бірге дайындық кезіндегі спаррингте қылқындыру әдісіне түсіп қалғанын айтып, отандасымызға есе жібергенін мойындады.

«Рас, Шавкат өтірік айтқан жоқ, спаррингте мені қылқындырып тастаған. Бірақ спаррингте бәрі болуы мүмкін. Менде небір мықты жауынгерлердің мысын басқанмын. Бірақ Шавкат мені екі жыл бұрынғы Иэн деп ойласа қатты қателеседі. Мен жекпе-жек мықтылығымды дәлелдеп, күллі әлемді мойындатамын», – деді Гэрри.

Еске салсақ, Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде өткізеді.