Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде 5 қазақстандық боксшы бақ сынайды.
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі ширек финалдық бәсекелерінде қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеп хабарлайды.
Бүгін, 6 желтоқсанда Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде 5 қазақстандық боксшы бақ сынайды.
48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Мехрон Шафиев (Тәжікстан);
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Асылбек Жалилов (Өзбекстан);
54 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Джаятнатх Кумар (Шри-Ланка);
63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Сомчай Вонгсуван (Тайланд);
92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).
Ширек финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, жартылай финалдық жекпе-жектер 9 желтоқсанда, ал финалдық кездесулер 11 желтоқсанда өтеді.