$ 524.75  540.6  5.12

«Анаң рұқсат берді ме?»: Елдос Сметов әйеліне алтын тақты (ВИДЕО)

Мамасының баласы.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын иеленген спортшы Елдос Сметов әйелі Балаусаны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы әйеліне әдемі гүл шоғы мен алтын білезік сыйлады. Алайда желі қолданушылары спортшыны сынап әртүрлі пікір қалдырды.

«Мамасының баласы», «анаң рұқсат берді ме?» деп жарыса пікір жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов қандай жетістікке жетсе де, бұл бірінші кезекте отбасының арқасы екенін тілге тиек етті.

«Кез келген сұхбатымда ең алдымен отбасымның қолдауы туралы, бұл жетістіктің бәрі ең алдымен отбасыма тиесілі екенін айтамын. Отбасым секілді маған ешкім қолдау білдіре алмайды. Олардың рөлі мен үшін өте маңызды. Олардың мен үшін алаңдайтыны, шынайы ықыласпен маған қолдау көрсететіні, тілекші болып отыратыны мен үшін өте маңызды. Барым да, нарым да – отбасым. Спорт жолы өте ауыр, сондықтан қиын сәттер көп болды. Бала-шағамды айлап көрмейтін кезде болды. Осы орайда ерекше алғыс айтқым келетін адам – ол менің әйелім, балаларымның анасы. Істеп жатқан әрекетіме әрқашан қолдау білдіріп, үйде жоқ кезде де маған тілекші болып, сабыр сақтағаны, күткені үшін алғысым шексіз. Ол кісі мен үшін алтын адам. Құрметтеймін, бағалаймын, қандай еркелігін де көтеремін, шын жақсы көремін», - деген еді Елдос Сметов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары