Ол белбеуін кезекті рет биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда қорғауы керек болған.
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровты ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпағанына байланысты чемпиондық атағынан айырады. IBO ережелеріне сәйкес, чемпиондық титулды қорғау жылына бір рет өткізілуі керек, алайда, қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегіне, чемпион атағын алғанына тура бір жыл толады. Соған орай, спортшы титулынан айырылады.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте Алматыда шаршы алаңға қайта шығуы керек еді, бірақ оның венесуэлалық Хесус Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы жекпе-жегі өтпей қалды.