Бәріңізде жақсы мүмкіндік бар.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасымен кездесіп, оларды жігерлендірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qazsport телеарнасының Telegram-дағы арнасындағы мәліметке сүйенсек, Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалда қазақстандық бес боксшы сынға түсіп, бәрі алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ тағы бес спортшы қола жүлде еншіледі.
«Осы жаңа олимпиадалық циклде бәріңізде жақсы мүмкіндік бар. Тек өздеріңізге сеніңіздер. Бүгін керемет жекпе-жектеріңіздің куәсі болдым. Жарайсыздар. Осылай жалғастыра беріңіздер», - деді қазақстандық боксшылармен кездескен Геннадий Головкин.