Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласына жол берді.
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы алтын медаль үшін қолғап түйістірсе, оның 7-еуі өзбекстандықтарға қарсы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыс жолын алғаш бастап, 48 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.
Төрешілер бірінші раундты 4:1 есебімен өзбекстандық спортшыға берсе, екінші кезеңде дәл осы есеппен қазақ боксшысы басым болды деп бағалады.
Үшінші раунд қорытындысы да Меликузиевтің пайдасына шешілді.