11.12.2024, 14:00

Сүйінші! Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын алды (ВИДЕО)

Фото: ҰОК

«Қазақтың Ломаченкосы» лақап атымен танымал боксшы қарсыласынан бір бас басым болды.

Үш раунд қорытындысы бойынша рефери Махмұд Сабырханның қолын көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

54 келідегі ел намысын қорғайтын Махмұд Сабырхан финалда Өзбекстан өкілі Шахзод Музфаровпен жолыққан еді. 

Үш раунд та қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Бұл – осы Азия чемпионатындағы бокстан ерлер құрамасының алғашқы алтыны.

Мұның алдында 48 келі салмақта қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай өзбекстандық қарсыласына жол берген еді.