Абылайхан Жүсіпов 71 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен жұдырықтасты.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абылайхан Жүсіпов 71 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов төрешілердің шешімімен (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021) және Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017) атанған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) Азия чемпионатының күміс медалін еншілесе, Махмұд Сабырхан (54 кг) қанжығасына алтын жүлдені байлады.