11.12.2024, 16:40

Тағы бір алтын медаль! Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: SportNur.kz

Қазіргі уақытта Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 2 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлдесі бар.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Таиландтағы Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

86 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов финалдық кезеңде өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен кездесу өткізді. Нәтижесінде Бекзат Нұрдәулетов төрешілердің шешімімен (1:4) жеңіске жетті. Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңген.

Қазіргі уақытта Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 2 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлдесі бар.

Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) чемпион атанса, Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг) күміс және жартылай финалда жеңілген Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медаль иеленді. Сондай-ақ бүгін Сағындық Тоғамбай (92 кг) мен Айбек Оралбай (+92 кг) финалдық жекпе-жектерін өткізеді.