11.12.2024, 17:20

Төртінші алтын! Айбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: t.me/olympickz

Азия чемпионатындағы төртінші алтынды Айбек Оралбай еншіледі.

Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай ерлер құрамасынан Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі) Миразизбек Мирзахалиловтан, 57 келіде Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан, Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Хавасбек Асадуллаевтан, 75 келіде Дияс Молжігітов Джавахир Умматалиевтен жеңіліп қалған еді.

Абырой болғанда, 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан ғана Шахзод Музфаровтан басым түсті. Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, алтын медалға ие болды.

Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салған Сағындық Тоғамбай Тәжікстан боксышысымен қолғап түйістірді. 

Сонымен қатар, Азия чемпионатындағы төртінші алтынды Айбек Оралбай еншіледі.