УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынап жатыр.
УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында "Астана" футбол клубы өз алаңында "Челсиге" қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін, 12 желтоқсанда елордалық "Астана" футбол клубы Алматыда лондондық "Челси" клубына қарсы ойын өткізді. УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында өткен бұл ойында "Астана" командасы 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық "Виториямен" 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасынан 0:2 және кипрлік "Пафостан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынап жатыр.
Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.