13.12.2024, 14:00

Садраддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті (ВИДЕО)

Фото: vesti.kz

Садриддиннің салмағы қарсыласынан бір келідей ауыр болды.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өтетін Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жұдырықтасады.

Турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастыруда. Ал Садраддинді жекпе-жекке Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес дайындап жатыр.

Садриддиннің салмағы қарсыласынан бір келідей ауыр болды:

Садраддин Ахмедов – 72,03 кг Рафаэль Игбокве – 71,21 кг

Орта салмақ лимиті – 72,57 кг (160 фунт)

Айта кетейік, жекпе-жек 14 желтоқсан күні таңда өтеді. Бұл оның АҚШ-ғы екінші жұдырықтасуы болады. Тамыздың соңында америкалық Антонио Тодданы (17-11, 9 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жеткен болатын.