$ 528.52  539.14  5.17

Әмір Омарханов АҚШ-тағы турнирде чемпион атанды

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде (Флорида, АҚШ) өткізіледі.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы ракеткасы Әмір Омарханов 16 желтоқсанда ITF Juniors J500 Orange Bowl сериясындағы жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалда қазақстандық ресейлік Тимотей Дерипаскомен бірге Анри Берно (Швейцария)/Денис Петака жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде (Флорида, АҚШ) өткізіледі. Бұл турнир – жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты. Матчтар жасыл желектегі ашық корттарда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теннис #спорт