$ 520.27  537.65  5.24

Абат Айымбетов Түркияда екінші матч қатарынан гол соқты (ВИДЕО)

Бұған дейін Абат Айымбетов «Гезтепе» қақпасын дәл көздеген еді.

Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов қатарынан екінші матчта мергендік танытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ойнайтын «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының 16-турында Стамбұлдың «Бешикташ» клубын қабылдады. Матч әлі жалғасып жатыр. Бірінші таймда алаң иелері екі гол соғып үлгерді. Оның біреуі Абат Айымбетовке тиесілі. Матчтың 39-минутында Юсуф Саридың пасын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы тиімді пайдаланды.

«Адана Демирспор» биылғы маусымда бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Бүгін алғашқы үш ұпайын алуға мүмкіндік бар. 

Ал, Абат Айымбетов осымен екінші матч қатарынан гол соғып отыр. Бұған дейін 7 желтоқсанда ол Түркия Суперлигасының 15-турында «Гёзтепе» командасының қақпасын дәл көздеген еді. Алайда, бұл ойында «Адана Демирспор» 1:3 есебімен жеңілді.

Айтпақшы, «Бешикташ» сапында Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол әзірге қосалқы құрамда отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары