$ 520.27  537.65  5.24

ҚФФ президенттігіне үміткерлер сайлауға қатысудан бас тартып жатыр

Осылайша, ҚФФ президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі өзгерді. 

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер Ерлан Жамантаев пен Наргис Мағаусайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне Жамантаев Ерлан Айтпайұлы («Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы қауымдастығы» ЗТБ өкілі) сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш білдірді.

Берілген өтінішке сәйкес, ҚФФ Сайлау комитеті Жамантаев Ерлан Айтпайұлын ҚФФ президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. 

Сондай-ақ бұған дейін ҚФФ президенттігіне өтінім берген Мағау Наргис Ерланқызы сайлауға түсуден өз еркімен бас тартты.

Осылайша, ҚФФ президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі келесідей:

  • Даумов Алтай Алмасұлы – «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Қайыров Ербол Қыдырбекұлы – «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Лория Давид Григорьевич – «Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
  • Омаров Марат Талғатұлы – «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан.

Айта кетейік, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді, онда федерацияның жаңа басшысы анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары