$ 520.27  537.65  5.24

UFC-дің экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстан жекпе-жекке шығады

Қос спортшы турнирдің негізгі кардында өнер көрсетеді.

Фото: Fight Nights Global
Фото: Fight Nights Global

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұловтың кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов екі күннен кейін кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Отандасымыз 20 желтоқсанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирде кәсіби бокстағы дебютті жекпе-жегін өткізеді. Fight Nights Global тұжырымы өткізетін бокс кешінде Жалғас Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубаға қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы турнирдің негізгі кардында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Оktagon тұжырымында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары