Раванд Оуба үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Nights Boxing бокс кешінде алғашқы кәсіби жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубамен (1-0, 0 КО) кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шықты. Жұдырықтасу төрт раундқа созылды. Қазылар алқасының шешімімен жеңіс Жалғас Жұмағұловқа берілді.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокс мансабын жеңіспен бастады, ал Раванд Оуба үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.