$ 515.89  536.32  5.17

«Алдын ала шешілген»: ҚФФ президенттігіне үміткер сайлау нәтижесіне қарсы шықты (ВИДЕО)

Бізде халық дауыс бермейді, дауысты аймақтық федерациялар береді.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер Ербол Қайыров сайлаудың әділ өтпегеніне наразылық білдірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 20 желтоқсанда ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті, бұл жиында федерацияның жаңа басшысы анықталды. Нәтижесінде "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан сайлауға түскен Омаров Марат Талғатұлы 34 дауыспен алға шығып, Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды.

Ал ҚФФ президенттігіне тағы бір үміткер Ербол Қайыров сайлаудың сценарий бойынша өткенін айтты. Аталмыш сайлауда Ербол Қайыровқа бірде-бір аймақтық федерация өз дауысын бермеген.

"Мүмкін, шынымен де жұмыс тәсілдерін қайта қарап, дауысы тәуелсіз адамдарға беру керек шығар. Бізде халық дауыс бермейді, дауысты аймақтық федерациялар береді. Олар көзімізге күлімдеп, дауыстарын беруге дайын екенін, жоба ұнайтынын айтады. Бірақ 0 дауыс пен 34 дауыстың арасы жер мен көктей. Бұл жерде белгілі бір қысым болғаны және барлығы алдын ала шешілгені көрініп тұр. Бұдан бөлек, Telegram арналардың бірінде сайлау нәтижелері жарияланғанға дейін екі минут бұрын бұл адамның жеңгені туралы хабарлама шыққан. Мұның бәрі сценарий. Ол тіпті ең үздік кандидат та емес еді", - деді Ербол Қайыров.

Айта кетейік, ҚФФ-ны бұған дейін Әділет Назарбайұлы Барменқұлов басқарған. Ол бұл қызметте 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың қарашасына дейін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары