Кәсіби спортта жасқа емес, нәтижеге қарау керек.
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің салмағындағы бәсекелестік туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
"Елдос Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға дайын болса, әрине, күресіп, жеңетініне сенемін. Бірақ шындықты айту керек: егер Елдосты жастар жеңіп жатса, ол өзі де күресті қояды ғой. Олар жеңе алмаса, кешірім сұраймыз. Елдосты жеңсін, сосын жарыстарға барсын. Мықтылар бару керек қой. Кәсіби спортта жасқа емес, нәтижеге қарау керек. Күресің жүріп, жеңіп жатсаң – тек алға!" - деді Ғалымжан Жылгелдиев.