30.12.2024, 02:30

«35-36 жаста боламын»: Сметов алдағы Олимпиада туралы айтты

Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті.

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиадаға қатысу туралы айтты. деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық дзюдошы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті.

"Мен 32 жастамын. Олимпиада өтетін кезде 35-36 жаста боламын. Бұл жаста жүлде алу қиын екені белгілі, бірақ үмітім бар. Бұның дәлелі ретінде 35 жаста болған Демеу Жадыраевтың Олимпиаданың финалына шығуы. Менің мақсатым – жастың жәй ғана сан екенін дәлелдеп, жастарға жігер сыйлау", - деді Сметов.

Еске салайық, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша отандық спортшы барлық медальдар жиынтығына қол жеткізді: Париж-2024-те алтын, 2016-жылы Рио-де-Жанейрода күміс, 2020-жылы Токиода қола.