$ 521.9  593.5  6.39

Елена Рыбакина жаңа жылды кезекті жеңіспен бастады

Ол Германия өкілі Лаура Зигемундты жеңді.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралияда өтіп жатқан United Cup-2025 турнирінде Германия өкілі Лаура Зигемундты жеңіп, кезекті жетістігін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемдік рейтингте 6-орында тұрған Елена Рыбакина Германия құрамасының 80-орын иеленген теннисшісі Лаура Зигемундпен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:3, 6:1. Бұл матч Қазақстан мен Германия арасындағы командалық кездесудің бір бөлігі болды.

Бұл жеңіс Еленаның жаңа маусымдағы қатарынан үшінші жеңісі. Бұған дейін Рыбакина Испания өкілі Джессика Бусас Манейродан (54-орын) 6:2, 6:3 есебімен басым түссе, Грекияның өкілі Мария Саккариді (32-орын) 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары