Асу Алмабаев пен чемпиондыққа бұрынғы үміткер Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек наурыздағы UFC турнирінде болады.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі келесі қарсыласы аустралиялық Стив Эрцег туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Instagram-дағы "Наш боец" парақшасына сілтеме жасап.
Асу Алмабаев пен чемпиондыққа бұрынғы үміткер Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек наурыздағы UFC турнирінде болады.
"Эрцег – мықты жауынгер. Жалпы, топ-10 қатарында әлсіз спортшы жоқ. Бәрі де белбеу жеңіп алуға үміттеніп жүр, менің де мақсатым сол. Алдыңғы қарсыласым Николау оңай болған жоқ, Эрцег те мықты. Бірақ қанша мықты болса да, мен сияқты екі қол, екі аяғы бар, ет пен сүйектен жаралған адам. Сондықтан барып, ұтып келуге тырысамыз. Егер тәжірибесін бағалайтын болсам, бұл тұрғыда ол мықты және менің тарапымнан қарсыласқа деген ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ бәрібір мен өзіме сенімдімін.
Эрцегтің артықшылығы ол тек алға жүреді, күрестен қорықпайды. Ол маған дейін мықты күресетін тек Пантожамен жекпе-жекке шықты. Эрцег соққылар жасай алатын, партерде жұмыс істеуден қорықпайтын жауынгер. Біз де жерге қарап қалған спортшы емеспіз, жақсы жекпе-жек көрсетуге тырысамыз. Маған уақытынан бұрын жеңуге тырысу керек. Өйткені бізбен бір кардта Манел Капе өнер көрсетеді. Мүмкін осыдан кейін жақсы жаңалықтар болып қалар", - деді Алмабаев.
Айта кетейік, қазір аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC рейтингінде Алмабаев сегізінші, ал Эрцег тоғызыншы орында тұр.