24 жастағы спортшы алматылық команданың намысын 5 жылдан аса уақыт қорғады.
"Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет келісімшартының аяқталуына байланысты клубпен қош айтысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет алматылық клуб сапына 2019 жылы жазда қосылған еді. «Қайратта» бес маусымда ол 107 ойын өткізіп, 8 гол соққан. Сонымен қатар, 10 нәтижелі пас берумен көзге түсті. Командамен бірге Сейдахмет Қазақстан чемпионы атанса, ел Кубогының иегері деген атаққа да қол жеткізді.
– «Қайрат» футбол клубы Еркебұланға көп жыл бойы жан-тәнімен ойнағанына алғыс айтады! Болашақ мансабыңда сәттілік тілейміз! – деп жазды алматылық клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Әзірге қазақстандық ойыншының нақты қай клубта ойнайтыны туралы ақпарат жоқ.