08.01.2025, 12:00

«Ұлттық құрамадан кетуі мүмкін»: Бас бапкер Шымбергенов пен Қоңқабаев туралы айтты

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) алғашқы айналымда жеңіліс тапқан болатын.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың командадағы болашағына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әзірге Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты жағдай түсініксіз. Егер 13 қаңтарда оқу-жаттығу жиынына келмесе, олар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін деп ойлаймын. Ал егер келсе, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз", - деді Қайрат Сәтжанов.

Сондай-ақ бас бапкер Қайрат Сәтжанов шәкірттерінің кәсіпқой боксқа қадам басуына қатысты өз ойын айтты.

"Егер бұл біздің құраманың ресми жарыстарға дайындалуына кедергі келтірмесе, біз оларға жарыстарға қатысуға рұқсат береміз. Сондай-ақ олардың жарыстарға қатысуы бапкерлер құрамының келісімімен жүзеге асады", - деді Қайрат Сәтжанов.

Айта кетейік, былтыр жазда өткен Париж Олимпиадасында Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) алғашқы айналымда жеңіліс тапқан болатын.