Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» негізгі сапында алаңға шығып, матчты толық өткізді.
Футболдан Түркия кубогының топтық кезеңі аясында Ыстанбұлдың "Бешикташ" командасы сырт алаңда "Сивасспормен" ойнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
D тобындағы бірінші турдың кездесуі Сивас қаласында (Түркия) өтіп, 1:0 есебімен Бешикташтың жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 20-минутта Рафа Сильва соқты.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» негізгі сапында алаңға шығып, матчты толық өткізді.
Бұл «Бешикташ» футбол командасының 2025 жылдағы алғашқы жеңісі екенін айта кеткен жөн.