09.01.2025, 18:40

«Әкесінің ізін жалғар»: Черчесов сәбилі болған Ұлттық құрама ойыншысын қазақша құттықтады

Коллаж: sn.kz

Рамазан Оразовтан сүйінші жаңалық жетті.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жартылай қорғаушы Рамазан Оразовты ұлының дүниеге келуімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Станислав Черчесов ұлттық құраманың ойыншысы Рамазан Оразовтың әке атануымен құттықтап, Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырды, деп жазады nur.kz.

"Рамазан Оразовтан сүйінші жаңалық жетті. Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы тағы да әке атанды. Рамазан мен оның жұбайын осы қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Дүние есігін ашқан сәбилерің аман-есен ер жетсін. Мүмкін, болашақта әке ізін жалғап, футболшы болуды таңдайтын шығар. Соған сенейік. Бауы берік болсын!", - деп жазды Станислав Черчесов.

Сондай-ақ жақында Станислав Черчесов әлеуметтік желідегі парақшасында шабуылшы Абат Айымбетовтің Түркиядағы ойынына қатысты қазақ тілінде баға берген.