Қазақ бапкерінің Тунис құрамасымен келісімшарты былтыр аяқталған еді.
Есбол Сұлтанов Париж олимпиадасында таеквондодан Тунис құрамасын жаттықтырып, ел қоржынына 1 алтын, 1 қола салған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Енді ол Қазақстан ұлттық құрамасын әлемдік жарыстарға дайындайды.
Есбол Сұлтанов Париж Олимпиадасынан кейін қазақтың қыз-жігіттерін жаттықтырғысы келетінін ашық айтқан-ды.
– Париж Олимпиадасынан кейін біздің бапкерлерді Халықаралық таеквондо федерациясы мойындады. Париждегі жетістіктен кейін маған Африканың бірнеше елінен хабарласып, жақсы бапкер ұсынуымды сұрады. Бұл Қазақстан үшін жақсы жарнама болды. Жақында біздің таеквондо федерациясы Астанада төрешілер семинарын өткізді. Болашақта Қазақстан таеквондосы бүкіл әлемге танымал болады деп сенемін. Менің Тунис федерациясымен келісімшартым аяқталды, бірақ олар жаңасын ұсынып отыр. Жақында маған Қазақстан таеквондо федерациясынан хабарласып, жаңа бас бапкер қызметіне менің кандидатурамды қарастыруға ниет білдірді. Осыдан бір-екі күн бұрын федерацияда үлкен жиын өтті. Сол жиында мен өз бағдарламамды ұсынды, – деген болатын ол.
Еске салайық, бұған дейін Тунистен Олимпиада чемпионын шығарған қазақ бапкері Қазақстанға оралуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.