$ 530.12  546.08  5.17

Қазақстандық балуандар Франциядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық балуандар үшін жылдың алғашқы жарысы сәтті өтті.

Фото: instagram.com/ kazakhstan__wrestling
Фото: instagram.com/ kazakhstan__wrestling

Қазақстандық балуандар Эльмира Сыздықова мен Гүлдана Бекеш Францияның Ницце қаласында өткен Henry Deglane Гран-при турнирінде топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан күрес федерациясының мәліметінше, 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Ал Гүлдана Бекеш 59 келіге дейінгі салмақта үздік нәтиже көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды.

Осылайша, қазақстандық балуандар үшін жылдың алғашқы жарысы сәтті өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары