Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокста 23-жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) Калифорнияда өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз америкалық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жұдырықтасты. Он раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Али Ахмедов кәсіпқой бокста 23-жеңісіне қол жеткізсе, Малколм Джонс бесінші рет жеңіліп отыр.