Ол Нұралы Әліптің Эраковичпен бәсекелестікте жеңгенін алға тартты.
Ресейлік блогер Андрей Савин «Зенит» клубы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпті сатуы мүмкін деген болжамға қатысты ойын айтты, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Автордың сөзінше, «Зенитте» ойыншы саны тым көп.
«Тазарту керек. Бірінші кезекте, қорғаныс шебінде тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Қорғаныста Нино, Страхиня Эракович, Нұралы Әліп, Родригао, Чистяков бар. Қаңтардың соңында Дркушич келеді. Алты ойыншы дегеніміз тым көп. Кіммен қоштасу керек дегенге келсек, олар – Чистяков пен Родригао», - деді Андрей Савин.
Ол Нұралы Әліптің Эраковичпен бәсекелестікте жеңгенін алға тартты.
Айта кетейік, 2024-2025 маусымда Ресей Премьер-лигасында Нұралы Әліп 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Оның «Зенитпен» келісімшарты 2028 жылғы маусымға дейін есептелген.
Ол Санкт-Петербург клубының сапындағы дебюті 2022 жылдың басында өтті.