Бұл туралы Иванишевич әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен хорватиялық бапкер Горан Иванишевич арасындағы келісімшарт аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Australian Open аяқталғаннан кейін біздің сынақ мерзіміміз бітті. Елена мен оның командасына болашақта табыс тілеймін, - деп жазды хорват.
Рыбакина өткен жылы тағы бір хорватиялық маман Стефано Вуковпен қош айтысып, кейін Горан Иванишевич бапкері болған еді.
Жыл басында Елена Вуковты командасына қайта қосты. Бірақ Стефаноны WTA қызметінен шеттетіп тастады.