$ 488.53  531.91  5.68

Сәкен Бибосынов Ұлттық құраманың сапынан шығып қалды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр.

Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан уақытша шығып қалды. Команданың бас бапкері мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді, деп жазады 1bol.kz.

«Сәкен Азия чемпионатының алдында аяғынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды», - деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов Sport+ тілшісіне берген сұхбатында.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Мұнан кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады. Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші номерлі боксшыларды анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары