Нұрсұлтан 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне отандық журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, — деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Нұрсұлтан 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды. Оның отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.
Сондай-ақ бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.