25.01.2025, 00:30

«Өте қарапайым жан»: Айдос Ербосынұлы «Канелломен» бірге жаттыққанын айтты

Фото: turkystan.kz

Боксшы оның өмірде өте қарапайым жан екенін жасырмады.

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы әлемге аты танымал «Канелло» Альвареспен бірге жаттығу өткізгенін айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Боксшы оның өмірде өте қарапайым жан екенін жасырмады. Канеллоның әрдайым бокстың жаңа қырларын меңгеруден шаршамайтынын алға тартты.

«Ұлылық қарапайымдылықта», - деп бекер айтылмаса керек. Абсолюттік әлем чемпионы атақты Канело Алварез расымен өте қарапайым жан. Онымен бірге 10 нан аса спаррингтер жасай жүріп оның қандай адам екендігіне мән бердім. Сондай чемпион бола тұрып, тіпті боксты жаңадан бастағандай бокстың қыр сырларын үйренуден жалықпайтындығын байқадым. Жалпы менің айтқым келгені адам БІЛІМ алудан, үйренуден еш уақытта жалықпау керек екен. Білім ол – қазына», - деді боксшы Айдос Ербосынұлы.