$ 519.28  540.05  5.31

Футбол федерациясы Черчесовке өтемақы төлейтіні рас – вице-министр

Бірақ оның сомасын федерация мен Черчесов қана біледі.

Коллаж: Azattyq ruhy
Коллаж: Azattyq ruhy

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бірнеше күн бұрын Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымынан кеткен Станислав Черчесовтің мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Дәлірек айтсақ, редакция тілшісі келісімшартты кім бұзғанын және келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтағаны үшін Черчесовке қандай көлемде өтемақы берілетінін сұрады. Серік Жарасбаев бұл сұрақтарға тек ішінара ғана жауап берді.

«Черчесовті тағайындау және келісімшартты бұзу толығымен футбол федерациясының жұмысы.  Менің білетін ақпаратым бойынша, федерация келісіп, келісімшартты бұзайын деп жатыр. Нақтылау сұрақтарын федерацияға қойған дұрыс. Қазір келісімшартты бұзу мәселесі келісу сатысында. Бірақ, ол қазір ұлттық құраманың бас бапкері емес. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлейді, бірақ оның сомасын федерация мен Черчесов қана біледі», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары