31.01.2025, 12:40

«Маған уәде беріңіздерші, мен өлмеймін ғой»: Қазақ фуболшысымен соқтығысып қалған қақпашының сөзі тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

ЦСКА Владислав Тороптың жедел жәрдем көлігінде түсірілген алғашқы кадрларын жариялады.

ЦСКА қақпашысы Владислав Тороп “Зенит” қорғаушысы, қазақстандық Нұралы Әліппен болған қақтығыстан кейін ауыр жарақат алған болатын. Желіде жедел жәрдем көлігінде жатқан Тороптың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мәскеулік ЦСКА баспасөз қызметі 2024 жылы Ресей кубогының “Зенитпен” өткен матчында (0:0, пенальти сериясы 4:5) орын алған оқиғаның видеосын жариялады., деп жазады Bassport.kz. Матчтың 32-минутында Тороп Әліппен қақтығыстан кейін ауыр соққы алды. Қақпашы допты бірінші болып қолмен алып үлгергенімен, Нұралы Әліппен соқтығысып, алаңға құлап түсті. Тороптың беті қанап, ол алаңнан арнайы электрокардың көмегімен шығарылды. Кейіннен дәрігерлер оған ми шайқалуының ауыр түрін анықтаған. ЦСКА Владислав Тороптың жедел жәрдем көлігінде түсірілген алғашқы кадрларын жариялады. Видео барысында қақпашы өзіне уәде беруін сұрайды. 

“Маусым аяқталды ма? Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізге әрқашан айтқым келіп еді, сіздер туралы ешқашан жаман ойлаған емеспін. Маған уәде беріңіздерші, мен өлмеймін ғой?” – деп дәрігерлерге жүгінген.