31.01.2025, 19:00

Ұлан Қонысбаев спорттық директор қызметіне тағайындалды

Фото: Тараз ФК

Жамбыл футбол мектебінің дарынды түлегі спорттық ғұмырындағы 300 аса кездесуде 40 жуық голдың авторы болды.

Белгілі футболшы Ұлан Қонысбаев «Тараз» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлан Әбиірбекұлы 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы «Жамбыл» командасында бастаған. 

Әр жылдары «Тараз», «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендігімен көзге түскен. Спорттық ғұмырындағы 300 аса кездесуде 40 жуық голдың авторы болды. 

2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік ойыншысы» атанған. Ел чемпионы, кубок және Суперкубок иегері.