Биылғы маусымда қазақстандық футболшы түркиялық клуб команда сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Түркиялық «Бешикташ» футбол клубының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Сердар Сарыдагтың хабарлауынша, Испанияның Ла Лигасында ойнайтын «Реал Вальядолид» футбол клубы Ыстанбұл клубына Зайнутдиновты жалға беру туралы ұсыныс жасаған. Өз кезегінде Бешикташ басшылығы міндетті сатып алу опциясы бар ұсынысқа ашық болатынын айтты.
Хабарланғандай, «Бешикташ» Зайнутдиновті міндетті сатып алусыз жалға алу мүмкіндігін қарастырмайды.
Биылғы маусымда қазақстандық футболшы түркиялық клуб команда сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.