$ 523.2  594.3  6.38

«Алты рет жеңілген»: Садриддин Ахмедовтің келесі қарсыласы кім?

Эспадас – тәжірибелі боксшы, бірақ оны өте қауіпті қарсылас деп айту қиын.

Фото: ©️ sadriddin_____soq | instagram
Фото: ©️ sadriddin_____soq | instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

BoxRec деректеріне сүйенсек, 27 жастағы Ахмедов 19 сәуірде рингке қайта оралады. Жекпе-жек Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өтеді және 10 раундқа жоспарланған. Оның қарсыласы – 34 жастағы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16 КО).

Эспадас – тәжірибелі боксшы, бірақ оны өте қауіпті қарсылас деп айту қиын. Оның есебінде алты жеңіліс бар, оның екеуі ауыр нокаутпен аяқталған. Сонымен қатар, Эспадас Ахмедовқа қарағанда жеті жасқа үлкен.

Садриддин Ахмедов болса, осы уақытқа дейін тек екі жекпе-жегінде ұпай санымен жеңіске жеткен, ал қалған 13 қарсыласын нокаутпен жеңген. Оның соңғы жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсан айында өткен еді, онда ол америкалық Рафаэль Игбоквенің үстінен жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары